Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена 2010 жылдан 2024 жылғы қазанға дейін Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі болған.
Бірнеше айдан бері бес баланың анасы Әлия Садырбаева әкімдіктің бір адамадық кісілік пикет ұйымдастыру өтінішіне салған тыйымына қарсылық білдіріп жүр. Биліктегілер бұл пикет «қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді» деп ұйғарыпты.
Қарағанды облысында "синтетикалық есірткі саудасы белең алды" деп жергілікті белсенділер дабыл қағады
Қазақстандық БАҚ Орталық Азиядағы ең ірі нысан деп атаған Қарағанды облысындағы күн электр станциясының ресми ашылуы басқа күнге ауыстырылды. Бұған дейін 2018 жылдың соңына жоспарланған ашылу салтанатын Саран билігі қаңтардың екінші жартысына қалдырды.
Қаңтардың 17-сі Қарағанды облысы Нұра ауданы Баршын ауылында қорықшы Ерлан Нұрғалиевті жерледі.
Қарағанды облысында Даун синдромымен туған балалар мен олардың ата-аналарына қолдау көрсету мақсатында бір топ ата-ана бірігіп, қоғамдық қор ашты
Қарағанды облысында кәсіпкерлер мемлекеттік мекемелер тарапынан жасалған қысым, толассыз тексеріс пен жемқорлыққа шағымданған соң билік бұл мәселені шешуге уәде берді. Аймақта жемқорлық рейтингі де түзіледі.
Қарағанды облысы Аққұдық ауылы тозығы жеткен құбырлардан зардап шегіп отыр
Теміртауда мүмкіндігі шектеулі азаматтар биліктен қала автобустарында тегін жүруге мүмкіндік беруді бірнеше рет сұрады. Ал билік "екі қазақстандық мереке күні ақшалай өтемақы берейік, жолақыны сонымен төлеңдер" дейді. Кейбір азаматтар биліктің ұсынысымен келіспей отыр.
Қоғам тарапынан ауаның ластануына байланысты шағым көбейгендіктен Теміртаудағы металлургия комбинаты сүзгі қоятынын мәлімдеді
Қарағанды облысындағы Ақтау ауылының тұрғындары жағдайы қиындаған ауыл тірлігіне жан бітіруді сұрайды.
Көп қабатты үйдің жертөлесіндегі қолдан жасалған қазандық жарылып, адамдар қаза тапқан Шахандағы қайғылы оқиғадан кейін Қарағанды облысының билігі көп қабатты тұрғын үйлердегі автономды жылыту жүйесін жеке қазандыққа көшіруді жоспарлаған еді. Бірақ бұл жоспар жартылай ғана орындалды.
Қарағанды облысының тұрғындары аймаққа келетін көмірдің қымбат әрі сапасыз екеніне шағымданады. Жергілікті билік жылыту маусымы басталар шақта кейбір аудандарда отын қоры болмай, әкімдікке оның орнын тез толтыру туралы өтініш түсетінін айтады.
Теміртау қаласының тұрғыны қаланың нашар экологиялық жағдайы туралы интернетке салған видеоролигі үшін сотқа шақырту алды. Қаладағы ірі кәсіпорынға иелік ететін компания оның үстінен шағым жазып, қаланың ластануы туралы ақпаратты "шындыққа жанаспайды" деп көрсеткен.
Қарағанды облысында шахтерлер мен металлургтер бірнеше айдан бері зейнетке шығу жасын төмендетуді талап етіп жүр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "қазір баршаға ортақ белгіленген зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі қарастырылып жатқан жоқ" дейді.
Қазақстандағы ластанған қалалардың бірі Қарағанды шетіндегі қайың орманын кесу туралы жоспарға экобелсенділер қарсы, жергілікті тұрғындар наразы. Жасыл желекті Астанаға апаратын трассадағы жолайрық құрылысы үшін шаппақ.
Қарағанды облысы Теміртау қаласында коммуналдық қызмет тарифтері алдағы уақытта қымбаттайды деген хабар жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды. Қызмет көрсетуші компания электр қуатының бағасын 20 пайыздан аса көтеруді ұсынады. Тұрғындар өзге коммуналдық қызмет түрлері мен тауарлар бағасы да іле-шала шарықтап кетеді деген қауіппен бұған жол бермеуді сұрайды.
Теміртауда мүмкіндігі шектеулі қолөнершілердің шағын тобы киіз басуды меңгеріп, кәсіп көзіне айналдырып отыр.
Тағы